Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Оралда «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы шарасы өтті

БҚО-да жұмыссыз тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсыну, жастарға болашақта мамандық таңдауға жәрдемдесу, кәсібін ашуға бағыт бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы шарасына өтті деп хабарлайды Paryz.kz.


Оралда «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы шарасы өтті
фото: облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

Шараға Облыс әкімі Нариман Төреғалиев  қатысты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, отандастарымыз әлеуметтік қолдаудың игілігін көру тиіс. Соған сәйкес, елімізде халықты әлеуметтік қолдау мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан түрлі несиелер мен гранттар бөлінуде. Грант алғандар бүгінде мал, құс шаруашылығын дамыту, бау-бақша салу, кондитерлік, нан өнімдерін өндіру, тігіншілік, автокөлік жөндеу, қосымша білім беру, әртүрлі қызметтер көрсету және т.б. бағыттар бойынша еңбек етуде, - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар өңір басшысы еңбек саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарымызды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерді марапаттады. 

Шара барысында орталық алаңда белсенді жастармен кездесу, құзырлы орган, банк мамандарының кеңестерін алуға және де қайтарымсыз грант иегерлерінің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, it саласындағы, қолөнершілердің көрмелері ұсынылды.