Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Батыс Қазақстан облысында өңірлік кадр резерві қалыптастырылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы жылдың ақпан айында бастама алған өңірлік кадрлық резервке іріктеу нәтижелерін қорытындылады. Іріктеу өңірлік деңгейде жас басқарушылардың пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында өткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Батыс Қазақстан облысында өңірлік кадр резерві қалыптастырылды
фото: облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға мүмкіндік алды.

Биыл өңірлік кадрлық резерв жобасына Батыс Қазақстан облысында 423 өтінім түсті, оның ішінде қойылатын талаптарға сәйкес келген 273 үміткер жобаға одан әрі қатысу үшін іріктеп алынды. Іріктеу бірнеше кезеңдерден өтті, оның ішінде кәсіби дағдыларды, білім деңгейін, сондай-ақ кандидаттардың жеке қасиеттері мен мотивациясын бағалау болды (заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалауға тестілеу, құзыреттерді бағалау, комиссиядағы құрылымдық сұхбат). Іріктеудің негізгі критерийлері көшбасшылық қасиеттер, аналитикалық ойлау, командада жұмыс істеу қабілеті және үнемі кәсіби дамуға деген ұмтылыс болды.

Нәтижесінде, өңірлік кадрлық комиссиясының шешімімен 7 сала бойынша (индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуемттік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология) өңірлік кадр резервіне қойылатын 30 үміткер анықталды.

«Тиімді кадрлық резервті құру – өңіріміздің сабақтастығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз етудің басты міндеті. Кәсіби, белсенді және жауапты менеджерлер командасын қалыптастыру бізге ағымдағы мәселелерді сәтті шешуге ғана емес, сонымен қатар жаңа сынақтарға дайын болуға мүмкіндік береді. Болашағы зор кадрларды дамытуға инвестиция сала отырып, біз облысымыздың болашақтағы жетістіктері мен өркендеуіне негіз қалаймыз», – деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Резерве іріктелген азаматтардың тізімі onir.pkrezerv.gov.kz жобаның ресми сайтында жарияланған.

«Біз кадрлық резерв бағдарламасына облысымыздың түкпір-түкпірінен келген талантты мамандардың жоғары қызығушылығын байқағанымызға қуаныштымыз. Бұл біздің жастардың мемлекеттік қызмет арқылы елдің дамуына үлес қосуға ұмтылатындығын көрсетеді. Іріктелген кандидаттар кәсіби өсу үшін бірегей мүмкіндіктерге ие болады және Қазақстанда болып жатқан маңызды өзгерістердің бір бөлігі бола алады», — деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментің басшысы Мұрат Байсалов.

Резервке іріктелген азаматтар мамандандырылған курстар бойынша оқуды, семинарлар мен тренингтерге қатысуды, сондай-ақ тәжірибелі мемлекеттік қызметшілердің тәлімгерлігін қамтиды. Бұл кадрлық резервке қатысушыларға өз білімдерін тереңдетіп қана қоймай, мемлекеттік салада тиімді жұмыс істеу үшін қажетті практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Айта кететін жағдай, резервке алынған адамдар жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен конкурс өткізілместен орналаса алады.