Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтан моральдық шығын өндіріп ала ма

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің арызына сәйкес, 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үстінен материалдық және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қозғалды.

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтан моральдық шығын өндіріп ала ма
фото: видеодан скриншот

Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Д.Т.Джумаев азаматтық іс материалдарын зерделей келе, ҚР АІЖК-нің 52-бабының 1-бөлігіне сәйкес, үшінші тұлғалардың 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 109-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс жүргізу құқығынан айырғанын анықтады.

 Бұл ретте, Салтанат пен Айтбектің ата-аналары – Амангелді мен Жұмагүл Нүкеновтер даудың нысанасына өз бетiнше талаптар қоймаған үшiншi тұлға ретінде тартылған.

«Сот ҚР АІЖК-нің 52, 268, 269-баптарын басшылыққа ала отырып, Айтбек Амангелдінің Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлына қатысты материалды өндіру туралы талап арызы бойынша келтірілген залал және моральдық зиянды өтеу ісіне үшінші тұлғалар ретінде даудың нысанасы бойынша өз бетінше талаптарын мәлімдемейтін Амангелді Теміршотұлы Нүкенов, Жұмагүл Көшерханқызы Нүкенова тартылсын», - делінген сот материалында. 

Сот отырысы биыл 3 қыркүйекте сағат 11:00-де өтеді. Айта кетейік, негізгі сот отырысында марқұмның отбасы сотталушыдан ақшалай өтемақы талап етпеген еді.

Адвокат Жанна Уразбахованың айтуынша, Нүкенованың туыстары ол кезде ақша туралы мүлдем ойламаған, себебі «қанша қаражат ұсынса да, Салтанат қайтып келмейді» деген ойда жүрген.

Бұл арыздың өзіндік себебі бар. Сотталушы Қуандық Бишімбаев материалдық және моральдық шығынды толық өтемей шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыға алмайды.

Сондықтан да ірі көлемдегі моральдық және материалдық шығынды өндіру туралы талап қою Салтанат Нүкенованың туыстарына маңызды болып отыр.