Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Ресейліктер Оралға жаппай көшіп келіп жатыр деген жалған хабар тарады

Әлеуметтік желіде ресейліктердің Оралға жаппай көшіп келіп жатқаны жөнінде бейнежазба тарады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ресейліктер Оралға жаппай көшіп келіп жатыр деген жалған хабар тарады
фото: видеодан скриншот

Бейнежазбада ер адам орыстардың жүктерімен, заттарымен соғыстан қашып келіп жатқанын айтады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 26 тамызға қараған түні Оралға Ресейден босқындардың үш автобуспен келгені туралы бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралған.

«Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Шын мәнісінде бұлар – Ресей Федерациясындағы ЖОО-ларға түскен БҚО мектептерінің түлектері. Атап айтқанда, бейнежазбаға Қазанға бара жатқан абитуриенттер (135-тей адам) түскен. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», деп хабарлады ведомстводан.