Қаржы министрлігі «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Paryz.kz.
Құжатқа сәйкес 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
жалақының ең төмен мөлшерi – 85 мың теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 мың 360 теңге;
зейнетақының ең төменгі мөлшерi – 62 мың 771 теңге; айлық есептiк көрсеткiш – 3 мың 932 теңге;
базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 46 228 теңге болып белгiленді.
Заң жобасы 31 тамызға дейін ашық НҚА сайтына қоғамдық талқылауға ұсынылды.