Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыдан Алакөлге баратын жол реконструкциядан кейін ақылы болмақ

Алматыдан Алакөлге баратын жолдағы – Талдықорған – Қалбатау – Өскемен учаскесі толық реконструкциядан өткеннен кейін ішінара ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды Paryz.kz, Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыдан Алакөлге баратын жол реконструкциядан кейін ақылы болмақ
exclusive.kz

Жетісу облысындағы Үшарал-Достық учаскесін ақылы ету жоспарлануда. Тиісті шешімді Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі қабылдайды. Оның құны барлық ақылы жолдарға арналған есептік көрсеткіштерге сәйкес жыл сайын өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш бір шақырымға бір теңгені құрайды. 
Компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, республикалық трассаның бұл учаскесі тек жүк көлігі үшін ғана ақылы болады. Ал жеңіл автокөліктер тегін жүре береді.
Келісімшартқа сәйкес жобаның аяқталу мерзімі – 2024 жылғы желтоқсан. Қазіргі уақытта жол төсемінің реконструкциясы аяқталды. Мердігер болып табылатын халықаралық қытайлық компаниялардың біріне ауа-райына байланысты емес жұмыстарды орындау ғана қалды: қоршау, жарықтандыру тіректерін орнату, қалпына келтіру, шулы жолақтар салу және т.б. 
"ҚазАвтоЖолдың" Жетісу филиалы директорының орынбасары Жасұлан Қалтаевтың айтуынша, Көлік министрлігі жол учаскелерінің бірі ақылы болатыны туралы құжатқа нысанды қабылдағаннан кейін – яғни, 2025 жылы қол қоятын болады.