Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Рулі оң жақтағы көліктер такси қызметтерін жүзеге асыра алмайды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең ірі екі такси қызметі рулі оң жақтағы көліктерді платформаларына тіркемейді. Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz, Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Рулі оң жақтағы көліктер такси қызметтерін жүзеге асыра алмайды
iapn.kz

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», - деп хабарлады ол.

Қарабаевтың айтуынша, енді осы екі компания жаңа жылға дейін платформадағы рулі оң жақтағы көліктерді анықтап, платформадан алып тастайды. Яғни, олар енді такси қызметін тоқтатады.