Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Украинаның Ресей аймағына шабуылы: СІМ мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина қарулы күштерінің Ресей аймағына шабуыл жасауына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Украинаның Ресей аймағына шабуылы: СІМ мәлімдеме жасады
Фото: СІМ

Шынында да, бүгінде бүкіл әлем Ресей Федерациясының Курск облысының жекелеген аудандарындағы жағдайға алаңдаушылықпен қарап отыр, - деді ресми өкіл.

Сондай-ақ ол Украина мен Ресейдің арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуі керек екенін атап өтті.

«Қазақстан барлық елмен БҰҰ Жарғысында бекітілген мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатын нақты сақтау қажеттігін әрдайым айтып келеді. Осыған байланысты біз саяси-дипломатиялық құралдарды кеңінен пайдаланып, мемлекеттер арасындағы барлық қақтығысты тек қана бейбіт жолмен шешуді дәйекті түрде қолдаймыз. Сонымен қатар өзара қолайлы шешімдерді сындарлы түрде табуға бағытталған халықаралық қоғамдастықтың барлық күш-жігерін құптаймыз», - деді Смадияров.