Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істеген 60 мұғалім жұмыстан босатылды

Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан білім ошақтарында жұмыс істеп жүрген  қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстарын жүргізілді, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап 

Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істеген 60 мұғалім жұмыстан босатылды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің жалған дипломмен бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келгені анықталған. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың барлығы жұмыстан босатылды.

«Облыста педагогтердің дипломдарын анықтау мақсатында жоғарғы оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. 

Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», - делінген білім басқармасы таратқан ақпаратта.