Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Қанат Шарлапаев утильалым мөлшері туралы: Көршілерімізден қалып қойдық

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ресейде утильалым мөлшерінің қымбаттауы Қазақстандағы нарыққа қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қанат Шарлапаев утильалым мөлшері туралы: Көршілерімізден қалып қойдық
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

«Мен көрші елдердің утильалым мәселесінде қандай тәсіл қолданатынын назар аударып көріңіздерші. Олар утильалымды алып тастауды қойып, құнын көтеріп жатыр. Қырғыз республикасы Chevrolet Cobalt және Onix өндіретін желіні іске қосқан екен. Енді олар да утильалым енгізбекші. Бұл жерде түсіну керек, Қазақстан утильалым мен алғашқы тіркеу мөлшері бойынша маңайымыздағы көрші елдерден қалып қойдық», - деді министр.

Ресейдегі утильалымның қымбаттауы біздегі бағаға әсер етпейді деп ойлайтынын айтты.

«Бағаның айырмашылығынан бізде тағы ескі көліктер қаптауы мүмкін. Оның әсері экологияға, жолдағы қауіпсіздікке тиеді. Шынымен ондай тәуекел бар. Ресейден бізге автоқоқыс ағылса, қазақстандықтарға жолда жүру қауіпті бола түседі», - деді Қанат Шарлапаев.