Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Тальго пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылды

Орал қаласының тұрғындарынан түскен көптеген өтініштерге байланысты биыл 19 қыркүйектен бастап №81/82 «Астана-Ақтөбе» Тальго пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тальго пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылды
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

«Пойыз күн ара қатынайды. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады», – делінген ҚТЖ хабарламасында. 

Пойыз шамамен 350 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Ол Астана, Қостанай, Ақтөбе және Орал сияқты ірі қалаларды қоса алғанда, 15 станцияда аялдайды.