Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы аумағында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты. Бір адам санавиация тікұшағымен облыс орталығына жеткізілді. 

Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы жол апаты кезінде дәрігерлер барлығы 6 адамды қарап шықты. Жеңіл көлік ішінде болған 67 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. 5 адам Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көліктің 32 жастағы жүргізушісінің басы жарылып, ішкі ағзаларына зақым келген. Бүгін сағат 14:00 шамасында жүрегі тоқтап қалды.

– Көлік ішінде болған 55 жастағы әйел де бас-ми жарақатын алды. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр. Ал, 60 жастағы әйелдің іш құрылысы зақымданған. Ембі қаласына санавиация жіберіліп, науқас облыс орталығына жеткізілді. Сонымен бірге 25 жастағы жігіттің миы шайқалып, хирургия бөліміне жатқызылды. Жүк көлігі жүргізушісінің жағдайы қалыпты. Ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр, - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі бұл оқиға туралы қандай да бір ақпарат таратпады.