Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Рудный қалалық білім бөлімінің қызметкері 18 млн теңге жымқырған

Қостанай облысының прокуратурасы балаларға жолдама беру туралы істі аяқтады, деп хабарлайды paryz.kz.

Рудный қалалық білім бөлімінің қызметкері 18 млн теңге жымқырған
Фото: Бас прокуратура

«Рудный қаласының прокуратурасы білім бөлімінің Балаларды тәрбие-сауықтыру кешені қызметін тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Осы факт бойынша арнайы прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету», — делінген бақылаушы органның хабарламасында.

Тергеу барысында балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдар кезеңінде балалардың сауықтыру орталықтарына жазғы маусымға жолдама сатып алғаны үшін азаматтардан алынған 18 млн теңгеден астам ақшалай қаражат иемденгені белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.