Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды

Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz

Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: Halyq Uni

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ер адам 400 мың теңге алу барысында қолға түскен.

«Ш» есімді азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды.

Сонымен қатар, тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді