Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Қазақстан Париж Олимпиадасын 7 медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстан Париж Олимпиадасын 7 медальмен аяқтады
фото: olympic.kz

Olympic.kz мәліметінше, ел қоржынындағы жалғыз алтынды Елдос Сметов еншіледі. Ол дзюдодан 60 келі салмақта сынға түсті.

Сондай-ақ, қазақстандықтар үш күміс медаль иеленді.

«Гимнаст Нариман Курбанов, грек-рим күресінің өкілі Демеу Жадыраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) тұғырдың екінші сатысына көтерілді», – делінген ақпаратта. 

Франция астанасында өткен әлемдің доданың қола медалін Назым Қызайбай (50 келі, бокс) және Александра Ле мен Ислам Сәтпаев (нысана көздеуден аралас командалық жарыс) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) иеленді.