Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды

Қазақстанның үш өңірінде терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Терроризмді насихаттаған қылмыстық топ ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен шілде-тамыз айларында Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында арнайы операция жүргізіп, 5 қазақстандықты ұстады. Олар сот санкциясымен қамауға алынды.

Ұсталғандар теракт ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан. Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде олардан қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, – делінген ҰҚК хабарламасында. 

Айта кетсек, күдіктілердің екеуі бұған дейін кісі өлтіру, тонау және бұзақылық жасағаны үшін сотталған болып шықты.

Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, қарулы қақтығыстарға қатысқан. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.