Белгілі қазақстандық блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов қылмыс әлемінің серкесі, «Дикий Арманның» тобына қатысы бар деген күдікке ілікті, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Ол жауап алу үшін шақырылды. Содан кейін үйіне босатты. «Дикий Арманның» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы болуы мүмкін», – делінген ресми мәліметте.
Редакцияға түскен ақпаратқа сәйкес, жауап алу барысында «Дикий Арманның» қылмыстық тобын қаржыландыру мәселесі талқыланған.