Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

«Бізде әлі мүмкіндік бар»: Нұрсұлтан Тұрсыновтың бапкері

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ширек финалда ұтылып қалған Нұрсұлтан Тұрсыновтың бапкері Қанат Нұртазин тәлімгерінің әлі де болса белдесуден үміті бар екенін айтты.

«Бізде әлі мүмкіндік бар»: Нұрсұлтан Тұрсыновтың бапкері
Фото: olympic.kz

«Өкінішке қарай Нұрсұлтан Тұрсынов екінші айналымда Токио Олимпиадасының чемпионы Жан Беленюктен ұтылып қалды. Басын өте жақсы бастап еді. Тұрсынов сәл асығыстық танытты. Негізі, Олимпиада чемпионымен күресу оңай емес. Бірақ, Нұрсұлтан да тәжірибелі, талай сында жақсы өнер көрсетіп жүрген азамат қой. Енді, біз Жан Беленюк финалға шықсын деп тілейміз. Ол финалға шықса, бізге жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік туады. Кешкі сессияны күтейік. Барлығы кеште белгілі болады», деді жеке бапкері Қанат Нұртазин.

 Айта кетейік, бүгін грек-рим күресінен 87 келі салмақта бақ сынаған қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалда украиналық Жан Беленюкпен белдесіп, 3:7 есебімен ұтылып қалды.