Талдықорғанда қалалық полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты апелляциялық соттың шешімі шықты.
«Жетісу облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Марат Күштібаевқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды», — деп хабарлады облыстық соттан.
Еске салайық, осы жылдың сәуір айында Талдықорған полициясының бастығы кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған еді.