Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Бүтін бір отбасы суға кетті: тағы екі адамның денесі табылды

Аршалы ауданының Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында суға батып кеткен отбасы мүшелерінің қалған екеуінің денесі табылды.

Бүтін бір отбасы суға кетті: тағы екі адамның денесі табылды
Фото: Ақмола облысы ТЖД

«1980 жылғы әйел мен 2001 жылғы қыздың денесін көрген адамдар алып шықты. Бүгін таңғы сағат 06:00 шамасында Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1977 және 2000 жылдары туған екі ер адамның денесін судан алып шықты», — деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Ақмола облысы ТЖД Ведомстводан атап өткендей, бүтін бір отбасының өмірін қиған қайғылы жағдай шомылуға тыйым салынған жерде болған. Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады