Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотта қаралады

Экс-министр Қуандық Бишімбаев өзіне шығарылған үкімді жеңілдетуге тырысып бағуда. Оның ісі Қазақстанның Жоғарғы сотында қаралады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотта қаралады
Фото: Halyq Uni

«Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа келіп түсті. Сот кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, оған марқұм Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша Бишімбаевпен бірге сотталған Бақытжан Байжанов жүгінген. Аталған іс 5 тамызда судьяға берілді. Сот материалдары жабық. Тыңдау өтетін күн белгіленген жоқ», – делінген сот хабарламасында. 

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болған. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.