Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Масаң күйде ұсталған имам 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетті тәртіп сақшылары Бурабайдағы «Регион» түнгі клубының жанында «Хайландр» көлігімен кетіп бара жатқанда қолға түсірген. Ақмола облысының соты имамның әрекетіне қатысты шешім шығарды.

Масаң күйде ұсталған имам 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды
Фото: freepik.com

«Сот қаулысымен Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабының 1 -бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, өңір соты имам жазасын Бурабай ауданында өтеп жатқанын хабарлады.

Еске салсақ, 25 шілдеде Бурабайда масаң күйде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы ұсталғанын жазған болатынбыз. Полиция өңірдің бас имамына қатысты әкімшілік хаттама толтырған.