Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

БҚО-да жоғалып кеткен 21 жастағы студентті өлтірген күдікті ұсталды

Орал қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы студенттің мүрдесі бір айдан кейін табылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

БҚО-да жоғалып кеткен 21 жастағы студентті өлтірген күдікті ұсталды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен 2003 жылғы жігітті өлтірді деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғынын ұстады.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 21 жасар студенттің үш күннен бері іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.