Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Ақтөбе облысындағы мал өліміне қатысты болжам айтылды

Ақтөбе шаруашылықтарының бірінде ірі қара мал өлімінің себебі улану болып шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ақтөбе облысындағы мал өліміне қатысты болжам айтылды
фото: turantimes.kz/Амандық Сағынтайұлы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Санжар-Т» шаруа қожалығындағы жануарлардың өлімі шілденің басында басталғанын мәлімдейді.

Алайда шаруа қожалығы басшысынан Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына ресми хабарлама 26 шілдеде түскен, дейді АШМ. 

Мал өлімі туралы ақпарат алғаннан кейін ЖАО ветеринарлық станциясының ветеринарлық пунктінің меңгерушісі оқиға орнына келіп, зерттеу үшін бір жануарды сойды. Ерекше қауіпті ауруларды болдырмау үшін патологиялық материал таңдалды. Бастапқыда органдарда ішкі өзгерістер байқалмағаны анықталды. Алдын-ала диагноз улану деп танылды, – деп қосты ведомство.

Сонымен қатар, уланудың ықтимал себептерін анықтау үшін жануарлар ұсталған жайылымдардан шөп сынамалары алынды. Зерттеу нәтижелері 2024 жылдың 1 тамызында шығады.

Шаруа қожалығы басшысы ветеринариялық қызметпен бірлесіп, белгіленген жоспарға сәйкес вакцинация мен диагностиканы қоса алғанда, барлық қажетті эпизоотияға қарсы шараларды қабылдады. Ірі қара мал тұрақты күнделікті бақылауда. Аймақтағы эпизоотиялық жағдай да бақылауға алынды.