Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Алматыға қауіп төніп тұр

Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыға қауіп төніп тұр
Фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК ескертуіне сәйкес, 31 шілде-1 тамыз аралығында Алматыда және оған іргелес таулы жерлерде қатты жаңбырдың болжануына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар аймақта судың жайылуы мен су басу қаупі туындауы мүмкін.

Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес, Іле Алатауында қатты жауын-шашынның болжануына байланысты сел қаупінің «қызғылт сары деңгейі» жарияланды. Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізіп жаты. Инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Ведомство өкілдері жеке тұрғын үйлердің иелеріне дренаждық жүйелердің жаңбыр суының ағынын бұруға дайындығын тексеруді, қажетті шараларды қабылдауға шақырады.

Егер жаңбыр жауған кезде сыртта болсаңыз әуе электр желілерінің тұтастығына назар аударып, құрылысы сенімсіз құрылымдардың астында тұрмаңыз. Олардың опырылып түсуі ауыр жарақат алуға соқтыруы мүмкін.

Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле Алатауы тауларына бармауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Сел қаупі бар жерлерде жасау керек әрекеттер:

⁠таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру қажет; ⁠

егер қауіп төнсе немесе селге кенеттен тап болсаңыз, рельефтің ең биік нүктесіне көтерілу қажет;

⁠демалуға тоқтауға және сел қауіпті каналдардың жанында, көл көпірлерінде (бөгеттерде) және олардың астында тұрақтауға болмайды;

сел ағынына түскен адамды құтқару мүмкін емес, сондықтан оған жақындауға болмайды.