Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарау керек - Премьер

Премьер-министр Олжам Бектенов Ішкі істер министрлігіне мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарауды тапсырды.

Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарау керек - Премьер
Фото: Kazinform

«Жыл басынан бері 6 миллионға жуық жол ережесін бұзудың жолы кесілді. 12 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай тәртіп бұзатындарға өте қатаң шаралар қолданылуы қажет», - деді ол.

Үкімет басшысы Үкіметтің бұл мәселедегі басты міндеті адам өмірін сақтау екенін еске салды.

«Сондықтан осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу тәсілдерін қайтадан қарау қажет деп санаймын. Біздің басты міндетіміз – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авариялар мен өлім-жітімді азайту. Ол үшін жүйелі іс-шараларды әзірлеу керек», - деді Олжас Бектенов.