Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

Алтай Айнабектің қолдан жаңбыр жауғызатын технологиясына сенуге болмайды – Нысанбаев

Экология министрі Ерлан Нысанбаев өнертапқыш Алтай Айнабектің жасанды жаңбыр жауғызу технологиясына сенуге болмайтынын айтады, деп хабарлайды Paryz.kz Азаттық Рухына сілтеме жасап.

Алтай Айнабектің қолдан жаңбыр жауғызатын технологиясына сенуге болмайды – Нысанбаев
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

«Әлемдегі ауа-райы болжамымен айналысатын ғалымдар мен мекемелер иондау тәсілін зерттеген. Олардың қорытындысы бойынша, бұл адам сеніңкіремейтін, нақты дәлелі жоқ тәсіл. Бұған көп сене беруге болмайды», - деді ол.

Министр таяуда еліміздің оңтүстік аймақтарына тоқтаусыз жауған жаңбырды синоптиктер алдын-ала болжаған дейді.

«Гидромет болжамы бойынша сол күндері жаңбыр жаууы керек болатын. Алғашқы он күнге берілген болжам әркез нақты болады», - деді ол. Сондай-ақ Нысанбаев Айнабекпен жеке кездесіп, сөйлеспегенін айтты.