Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Қостанай облысының бас имамы қамауға алынды

Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz Baribar.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облысының бас имамы қамауға алынды
фото: Қостанай Мешіті

Оқиға 23 шілдеде болған. Ол Бурабайдағы түнгі клубтың алдында масаң күйде көлік айдап бара жатқанда ұсталған. 

«Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік айдау құқығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деп жазылған сот қаулысында.

ҚМДБ бас имам туралы түсініктеме бермеді.