Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан ер адам айыппұл арқалады

Павлодар облысында ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан ер адам айыппұл арқалады
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ақсу қаласы мектептерінің бірінде 2-сынып оқушыларының ата-аналары WhatsApp әлеуметтік желісінде бейне қоңырауы арқылы ата-аналарға арналған мектеп жиналысын өткізген.

Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Оған наразылық танытқан тағы бір ата-ана полицияға арыз жазған. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға балағат сөздер айтып, әдепсіздік танытқан ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралып, оның шешімімен тәртіп бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Айта кетсек, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша өңірдің 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылған.