Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алматы облысында көктемде жоғалып кеткен үш жасар қыздың денесі табылды

Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды.

Алматы облысында көктемде жоғалып кеткен үш жасар қыздың денесі табылды

Бүгін төрт ай бұрын жоғалып кеткен үш жасар қыз Айя-Софияның денесі табылғаны белгілі болды. Бұл туралы волонтерлер Instagram парақшасында жазды.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов 22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектері табылғаны туралы хабар түскенін мәлімдеді.

«Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып, жасалып жатыр. Күдіктілер қамауда отыр», — деді ол.