Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Хромтауда 55 адам өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Бүгін түнде тұрғын үйдегі от сөндірілді, деп хабарлайды

Хромтауда 55 адам өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)
фото: ТЖМ

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар жанды.

«Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде жалын сөндірілді», деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі. 

ТЖМ күштері арнайы сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады, – деп толықтырды ведомство.

Министрлік азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.