Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды
фото: Азаттық

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызын қанағаттандырып, құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлікті қайтарды. 17 шілдеде аталмыш соттың Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Cотта анықталғандай, нысан 551 млн теңгеге арзан бағамен заңсыз сатылған.

Мектеп аумағына 7,6 мың шаршы метр болатын әкімшілік ғимараттар, спорт залдары және басқа да құрылыстар, сондай-ақ 4,9 гектар жер кіреді. Бұл мүлікке Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффилиирленген азаматтарға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.