Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Алматыда 100-ден астам жасөспірім жазаланды

Алматыда «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицияға 100-ден астам жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Алматыда 100-ден астам жасөспірім жазаланды
Фото: ІІМ

Іс-шараның алғашқы күнінде полицияға әр түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 106 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілсе, оның 95-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған.

«Мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен қадағалаусыз жүрудің алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болуын, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге араластыратын ересектерді анықтау. Іс-шараның нәтижелі өтуіне білім беру органдары, прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, ата-аналар комитеттері мен қоғамдық көмекшілер жұмылдырылды», – деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Балаларды қолдау орталығына 11 жасөспірім жіберілді. Сонымен қатар ІІО есепте тұрған 48 кәмелетке толмаған бала және 37 қолайсыз отбасы тексерілді. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге мән бермейтін 9 ата-ана анықталды. Тағы 13 ата-ана бала тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.