Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Марат Әйтеновке сот шешімі шықты

«Самұрық Қазына» ҰӘҚ экс-топменеджері Марат Айтенов қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Марат Әйтеновке сот шешімі шықты
Коллаж: golos-naroda.kz

Астана қаласының мәліметінше, жәбірленуші бұрынғы күйеуі оны көшіру кезінде заңсыз жүріп, оған шабуыл жасап, денесіне зақым келтіргеніне шағымданған. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталады.

ӘҚБтК-нің 73 - бабының 1-бөлігінің санкциясы ескертуді немесе 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.  Жоғарыда келтірілген мән-жайларды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, Марат Әйтенов «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары,  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. Сондай-ақ «Астана-қаржы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Альянс Банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған. Айта кетейік, оның інісі Мұрат Әйтенов 2022-2023 жж Шымкент қаласының әкімі болды.