Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы облысында бір зауыт заңсыз алкоголь өнімдерін шығарып келген

Тінту барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 20 атаулы 170 мыңнан астам бөтелке ішімдік анықталды.

Алматы облысында бір зауыт заңсыз алкоголь өнімдерін шығарып келген
фото: 24.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, Алматы облысының аумағында өнеркәсіптік ауқымда алкогольдік өнімдер шығаратын зауыт қызметінің жолын кесті, деп хабарлады paryz.kz.

"Тінту барысында жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 20 атаулы 170 мыңнан астам бөтелке ішімдік анықталды. Сонымен қатар көрсетілген өнімдер сертификатталмаған және адам денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін еді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етуге жатпайды", - делінген ҚМА баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде суррогат өнімдерінің кесірінен жыл сайын 3 миллионнан астам адам көз жұмады екен.