Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Шенеуніктер күні кеше ғана 5 адамның өмірін жалмаған жолды ашты

Қарағанды-Балқаш жолының алғашқы төрт жолағы ашылды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Шенеуніктер күні кеше ғана 5 адамның өмірін жалмаған жолды ашты
Фото: qov.kz

Көлік министрлігінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларын қосатын Орталық-Оңтүстік дәлізінің учаскелерінде қозғалыс ашып, жолды қолданысқа тапсыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қарағанды қаласынан Ақбастау ауылына дейінгі аралықта жаңа асфальт төселіп, төрт жолақты жол толығымен ашылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тосқауыл қоршауы орнатылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Аталмыш жолдың жалпы ұзындығы – 363 шақырым. Күре жол I санатқа ие және төрт жолақтан тұрады. Қайта құру жұмыстары аясында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін арналған 32 жол өтпесі, көлік айрығы және темір жол арқылы өтетін жол өтпесінің құрылысы толық аяқталды.