Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өтіп жатқан жиналыс кезінде антикор қызметкерлері ұстап әкеткен тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Момыновтың ісі сотқа жолданды.
Сол кездегі шенеунік пен оның сыбайласына Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы мен 218-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша айып тағылып отыр.
Қалалық соттың мәліметінше, қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау 12 шілде күні сағат 10:00–ге белгіленді.
Істі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Айнель Орақбаева қарайды.
Еске салсақ, ақпан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департамент қызметкерлері әкімдіктегі жиналыс кезінде тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Момыновты ұстап әкеткен болатын.