Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Түркістандық қожа Ясауи шежіресінің түпнұсқасы мен мөрін сақтап келген

"Наманган жеріне келген соң да Насабнаманы жерге көміп, түрлі жерлерге жасырдық. Көп қиындықтар көрдік", - дейді Ибрахим ақсақал.

Сүйінші! Қожа Ахмет Ясауидің шежіресінің төл нұсқасы мен мөрі табылды. Бүгін Өзбекстан Республикасының Наманган...

Опубликовано Мадиной Сабыр Среда, 24 февраля 2021 г.
Түркістандық қожа Ясауи шежіресінің түпнұсқасы мен мөрін сақтап келген

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мәдина Сабыр Facebook-тегі парақшасына Өзбекстанның Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің түпнұсқасы мен мөрі табылғанын сүйіншіледі, деп жазды paryz.kz.

Айтуынша, олар бүгін сол Наманган қаласында іссапармен жүр екен. 1920 жылы Түркістан қаласынан Өзбекстанға қоныс аударған Ибрахимжан Шарифхужаев қажымен жолығыпты. Қария ата-анасымен көрші елге кеткенде, небәрі 10 жаста болған. Қожалар әулетін қудалауға салған дінге қарсы кезеңде Наманганға келген Ясауи ұрпақтары Насабнама мен мөрді көп қиындықтарды бастан өткерсе де сақтап келген көрінеді.

"Наманган жеріне келген соң да Насабнаманы жерге көміп, түрлі жерлерге жасырдық. Көп қиындықтар көрдік. Басты мақсатымыз - ата-бабамыздан бері аманатпен келе жатқан шежіремізді, бабамыздың мөрін аман алып қалу болатын", - дейді Ибрахим ақсақал.

Бүгінде Өзбекстан президенті де, халқы да ерекше құрмет тұтатын Ибрахим қария 8 ұл, 3 қыз өсіріп, үлкен әулетке айналған.

"Түркістаннан келгенімізді естіп, көзіне жас алып қалған ғұлама қария бізге де ақ батасын берді", - дейді Мәдина Сабыр.

Сонымен, Наманганнан табылған Насабнама нұсқасы шағатай тілінде жазылған. Ұзындығы - 2,5 метр. Енді Мәдениет және спорт министрлігі мен "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауиге қатысты деректер мен мұраларды жан-жақты зерттеу, іздеу, ұрпаққа аманаттау мақсатында қолға алынған "Ясауи ізімен" жобасы Ташкент қаласында да жалғасын таппақ.