Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Кариб теңізінде Қазақстан азаматтары мінген қайық суға батып кетті

9 шілдеде Колумбия жағалауында Кариб теңізіне 20 мигрант мінген қайық батып кетті. Оның ішінде Қазақстан азаматтары бар. Қайғылы жағдайға ҚР СІМ түсініктеме берді, деп хабарлады Paryz.kz. 

Кариб теңізінде Қазақстан азаматтары мінген қайық суға батып кетті
Фото: freepik.com

20 мигранттың біреуі қаза тапты. Төртеуі жоғалып кетті, деп хабарлайды америкалық Barron’s басылымы.

Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, 15 адам құтқарылды, оның алтауы — кәмелетке толмағандар. Қайық Колумбия мен Никарагуа шекарасына жақын жерде батып кетті. Әскери-теңіз күштері мен әуе күштері іздеу-құтқару операциясын жүргізіп жатыр. 

«Құтқарылған ересектер — Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Қазақстан және Венесуэладан. Құтқарылған балалардың екеуі — Қазақстаннан, үшеуі — Венесуэладан», - деп хабарлады америкалық басылым.

ҚР СІМ-де бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ.

«Бізге ондай ресми ақпарат түскен жоқ», - деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Мигранттар Орталық Америка арқылы Мексика мен АҚШ шекарасына бет алған.