Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Борышкерлердің шарттарын бірнеше коллекторлық ұйымға сату заңды ма?

Екінші деңгейлі банктер қарызы өскен азаматтармен жасалған келісімшартты бірнеше коллекторлық ұйымдарға сататын көрінеді. Бұл қаншалықты заңды? Бұл сауалға «Әділетті қоғам» бағдарламасына берген сұхбатында заңгер Нұржан Әбдікәрімов жауап берді. 

Борышкерлердің шарттарын бірнеше коллекторлық ұйымға сату заңды ма?
Коллаж: kaz.tag

Маманның айтуынша, банктер 2026 жылға дейін коллекторлық ұйымдарға қарыздарды сата алмайды. Екі жылға мораторий енгізілді. 

Борышкерлер қай ұйымға төлеп жатқанын білмей, дал болып жүр. Кімнің алдында қарызын өтегенін білмей, шатасады.  Мемлекет, қаржы нарығын реттейтін агенттіктер, осы ұйымдар қосылып, бір реттеп алу керек сияқты. Біліп алу керек сияқты. Қандай ұйым кімге, қандай қаражат берді? Азаматтар сотқа келеді. Ол «осыдан 5 жыл бұрын маған осындай ұйым талап еткен. Қазір шыққан ұйым тіпті басқа» дейді. Бәрі сосын шектеу қоя бастайды. Шетелге шығуға шектеу қояды. Соттар тиым салып тастайды. Сонымен адам шатасады. Қайсысына төлеп жатқанын білмейді. Бұл негізі бар проблема» – деді заңгер. 

Заңгер бұл норманы қолдап, алдағы уақытта коллекторлық ұйымдарды тексеріп, заңдылығын-заңсыздығын анықтау керек екенін айтты.

Еске салайық, 1 шілдедегі жағдай бойынша 8,5 миллион қазақстандықтың қаржы ұйымдары алдында 18 триллион теңге қарызы бар. Ал 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттер деңгейі 1 трлн құрады.