Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтауда бірнеше күннен бері ауыз сусыз отырған тұрғындар жолды жапты

Тұрғындар 19 бен 16 шағын аудандардың ортасындағы автокөлік жолын жауып, жергілікті биліктен су беруді талап етті, деп хабарлады Paryz.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Ақтауда бірнеше күннен бері ауыз сусыз отырған тұрғындар жолды жапты
Фото: Тұрғындардан

Полиция қызметкерлері жол көлік апатының алдын алу мақсатында, жиналғандардан жолдан шығуды сұрады. Содан соң тұрғындарға Ақтау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұртас Сали келіп, ауыз су тапшылығын жою үшін жасалып жатқан шараларды түсіндірді.

Еске салайық, бүгін Маңғыстау атом энергия комбинатының өкілі Владимир Васильев қалада су тапшылығы қайтадан туындағанын хабарлады. Оған аптап ыстықтан теңіз суы температурасының көтерілуі мен ауыз суды тұтыну көлемінің күрт артуы себеп болған. Сондықтан шаһарда бірінші кезекте тұрғындарға ауыз су жеткізу үшін, көлік жуу орындарының жұмысына уақытша шектеу енгізілді.