Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Қайрат Нұртас апелляциялық шағым түсірді

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қайрат Нұртас апелляциялық шағым түсірді
фото: әлеуметтік желіден

Айта кетейік, бұған дейін әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Жоғарғы соттың мәлімдеуінше, бірінші сатыдағы сот Қайрат Айдарбековтің ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Б.-ға қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады. Алайда құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.

Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан, бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды. Қаулы заңды күшіне енді.