Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қызылорда облысында ірі көлемде ақша жымқырған есепші сотталды

Қызылорда облысында ірі көлемде қаржы жымқырған есепші сотталды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қызылорда облысында ірі көлемде ақша жымқырған есепші сотталды
Фото: paryz.kz

Арал ауданының прокуратурасы «Бөген» ауылдық клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру жүргізді. Оның барысында клуб есепшісі қызмет бабын пайдалана отырып, өзіне сеніп тапсырылған 2,7 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.

Аталған дерек аудандық прокуратурамен СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3)-тармағымен тіркеліп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Арал аудандық сотының 2024 жылдың 27 мамырдағы үкімімен есепшіге 3 жыл бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.