Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған ер адам 22 жылға сотталды

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ер адамға қатысты қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлады Paryz.kz. 

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған ер адам 22 жылға сотталды
Фото: Halyq Uni

Сотта анықталғандай, айыпталушы 2023 жылдың тамызы мен қарашасы аралығында жасөспірім жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түскен және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденген.

Сот сотталушы П.-ны ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігінде, 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігін қолданып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.