Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Есірткі арнасын ұйымдастырған түрмеде отырған шетелдік болуы мүмкін – ҰҚК

ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстан Республикасына есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті.

Есірткі арнасын ұйымдастырған түрмеде отырған шетелдік болуы мүмкін – ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы 21 маусымда Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Заключенный иностранец организовал трансграничный наркоканал в Мангистауской области

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды.

Заключенный иностранец организовал трансграничный наркоканал в Мангистауской области

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Есірткі арнасын түзеу мекемесінде осындай қылмыс жасағаны үшін отырған шетел азаматы ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отыр.

Заключенный иностранец организовал трансграничный наркоканал в Мангистауской области

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сотталғанның жойылған есірткі арнасына қатыстылығы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен құжатталды.

«Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды» - ҰҚК баспасөз қызметі.