Business.enbek.kz порталында 15 шілдеден бастап екінші лек бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды Paryz.kz.
Республика бойынша 4 655 адамға грант беріледі.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.