Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Атырау облысында қарақұрт уынан 63 түйе арам қатты

Атырау облысында қарақұрт уынан 397 түйе зардап шекті, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Атырау облысында қарақұрт уынан 63 түйе арам қатты
Фото: pixabay.com

Аtyraupress хабарлауынша,бүгінгі таңда зардап шеккен жануарлардың саны бес есеге артып, 63 түйе өлді.

«Қарақұрт шаққан 217 түйе емделді. Ауру және құлаған жануарлардан сынамалар алынып, ветеринарлық зертханаға жіберілді», - деп жазды Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Мал шаруашылығы иелеріне улы жәндіктер мекендейтін жайылымдарда мал жаймауға кеңес беріледі.