Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қуандық Бишімбаевтың изоляторда төбелесіп қалғаны рас па?

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың изоляторда төбелесті деген ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлады Paryz.kz. 

Қуандық Бишімбаевтың изоляторда төбелесіп қалғаны рас па?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бұған дейін әлеуметтік желіде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың изолятордағы сотталушымен төбелескені туралы ақпарат тарады. Кейбір дереккөздердің мәліметінше, бұрынғы шенеунік ашуға ерік берген. Алайда төбелеске нақты себеп болғаны белгісіз.

Алайда ҚАЖК бұл деректі растамады.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді, - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Оған әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылды. Соттың үкімімен ол 24 жылға сотталды.