Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Ақтауда инкассатор банктен 10 миллион теңге ұрлап, артынша өзін атып өлтірді

Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, артынша өзіне қол салған, деп хабарлады Lada.kz сайты.

Ақтауда инкассатор банктен 10 миллион теңге ұрлап, артынша өзін атып өлтірді
Фото: видеодан скриншот

Оқиға 14-шағын ауданда Halykbank ғимаратында болған. 10 миллионды ұрлағаннан кейін ер адам ғимараттың жертөлесіне қамалып, қызметтік қарумен басынан оқ атқан.

Жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері жертөлеге кіретін есікті қоршап алған. Марқұм 43 жаста еді. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

"Қазір "Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу" дерегі бойынша Ақтау қалалық ІІБ қылмыстық іс қозғады", – деп хабарлады департамент.