Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Елімізде алаяқтар жаңа әдісті қолдана бастады, деп хабарлады stopfake.kz.

Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото: Halyq Uni

Әлеуметтік желіде «Ресми қайырымдылық қоры» (РҚҚ) әлеуметтік төлемдер төлейтіні туралы ақпарат жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес, Қазақстандағы барлық тұрғынның ірі көлемде ақшалай өтемақы алуға мүмкіндігі бар. Алайда бұл жарнамаға сенбеңіздер және күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер, - деп жазылған хабарламада.

Елімізде жұмыс істейтін қорлардың тізімі Egov.kz электронды үкімет порталында жарияланған. Онда «Ресми қайырымдылық қоры» (РҚҚ) деген атаумен тіркелген ұйым жоқ.